Ярослава Шведова «Australian Open» турнирінен шығып қалды
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Австралияда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінен шығып қалды. Ол АҚШ спортшысы Мэдисон Кизге 2:1 (7:6, 3:6, 3:6) есебімен есе жіберді.
Енді бұл жарыстың жекелей сынында Қазақстан атынан тек Юлия Путинцева бақ сынайды.
Еске сала кетейік, Мэдисон Киз бұған дейін басқа қазақстандық теннисші Зарина Диасты жарыстан шығарған болатын.