Астанада теннистен халықаралық «Astana Women’s» турнирі аяқталды
Астанада жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын теннистен әйелдер арасында «ITF Women’s» турнирі аяқталды.
Турнирде рессейлік теннисші Ольга Дорошина жеңіске жетті. Ол финалда өзінің отандасы Алина Силичті екі сетте – 6:2, 6:4 ұтты.
Сондай-ақ, жұптық сында ресейлік Ольга Дорошина мен Яна Сизикова жеңіске жетті. Олар финалда қазақстандық Александра Гринчишин мен Нидерландтық Эрик Вогелсанг жұбын екі сетте – 6:4, 6:0 есебімен ұтты.