Ярослава Шведова теннистен Индиан-Уэллс турнирінің жұптық бәсекесінде ¼ финалға шықты
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова венгриялық теннисші Тимеа Бабошпен жұп құрап, Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Турнирдің екінші айналымында Шведова/Бабош жұбы қытайлық теннисшілер Ю-Фан Кси мен Сайсай Женг дуэтін екі сетте – 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Енді Ярослава Шведова мен Тимеа Бабош ширек финалда словакиялық Андреа Клепач/Катарина Среботникпен ойнайды.
Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінің жалпы жүлде қоры – 6,8 миллион АҚШ долларын құрайды.