Қазақстандық теннисшілер «Президент Кубогы-2016» сайысынан шығып қалуда
Астанада «Президент Кубогы-2016» теннис турнирі басталған болатын. Челленджер сериялы турнирлер аясындағы сайыстың ерлер үшін жүлделік қоры $100000 құрайды, деп хабарлайды Sports.kz.
Негізгі кестеде төрт қазақстандық өнер көрсетті, олар: Денис Евсеев, Дмитрий Попко, Алексей Кедрюк пен Тимур Хабибулин.
«Президент кубогы» теннис турнирінің бірінші айналымында әлемдік рейтингте 921 орындағы Денис Евсеев 51 минутқа созылған екі сет ішінде 31 жастағы жапониялық Юуе Кибиге 0:6, 4:6 есептерімен есе жііберген болатын.
Бірінші айналымындағы ойында 19 жастағы Дмитрий Попко 29 жастағы ресейлік Антон Зайцевке 6:4, 2:6, 1:6 есептерімен жеңілді.
Қазақстан теннисінің ардагері Алексей Кедрюк 27 жастағы хорват Анте Павичке екі сет ішінде 1:6, 0:6 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, турнирден жеке кестедегі ерлер сапынан барлық Қазақстан өкілдері шығып қалды.
Астанада Қазақстанның теннистен әйелдер құрама командасының өкілі Камила Керімбаева өзбекстандық Влада Екшибароваға үш сетте 6:4, 5:7, 3:6 есебімен ұтылды.