WTA рейтингісі жаңарды
Әйелдер теннисінің қауымдастығы (WTA) өз рейтингісін жаңартты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева үш сатыға жоғарылап, өз мансабында тұңғыш рет 33-ші орынға көтерілді. Ол өткен аптада қытайлық Уханьде өткен турнирдің екінші айналымында америкалық Винус Уильямске жол берген еді.
Ал, Уханьде өткен турнирде үшінші айналымға дейін жеткен Ярослава Шведова 39-шы орынға жоғарылады.