Ярослава Шведова WTA China Open турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Пекинде өтіп жатқан WTA China Open турнирінің ширек финалына шықты.
Үшінші айналымдағы матчта Шведова француз теннисшісі Ализе Корнемен кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойын 2 сағатқа созылды. Ширек финалда Ярослава әлемнің үшінші ракеткасы Агнешка Радваньскага қарсы ойнайды.
Айта кетейік, біздің спортшы WTA рейтингісінде 39-шы болса, француз теннисшісі 58-ші сатыда.