Әлемнің бірінші ракеткасы болған Ана Иванович спорттан кетті
Әлемнің экс-бірінші ракеткасы, 29 жастағы сербиялық теннисші Ана Иванович кәсіби мансабын аяқтайды. Бұл туралы спортшы Facebook-тегі өзінің парақшасына орналастырған бейнебаянда мәлімдеді.
Теннисші жарақатына байланысты кортқа біршама уақыт шықпай жүрді, салдарынан маусым нәтижесі бойынша WTA рейтингінде 16-ыншы орыннан 63-ке сырғыды. 2016 жылы ол небәрі 15 рет жеңіске жетіп, 516 809 доллар ақша тапқан.
«Мен теннистегі кәсіби мансабымды аяқтауды ұйғардым. Бұл шешім маған қиынға соқты. Бірақ менің атап өтер жетістіктерім бар. Тенниске келгенде мен 5 жаста едім, ата-анам мені осы жылдар бойы қолдап келді, тіпті 2008 жылы Ролан Гарросты жеңген кезде. Арман ете алмаған жетістіктерге қол жеткіздім. WTA-ның 15 атағына ие болдым. Федерация кубогында 5 рет өнер көрсеттім. Меніңше, бұл Сербиядан шыққан қарапайым қыз үшін жаман емес», - дейді спортшы видеода.
2016 жылдың маусымында Иванович Германияның футболдан құрама командасының бұрынғы капитаны және ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасының жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгерге тұрмысқа шықты.