Рафаэль Надаль «Ролан Гарросты» 10-шы рет жеңіп алды
Парижде теннистен Францияның Ашық чемпионаты мәресіне жетті.
Финалда испандық Рафаэль Надаль мен швейцарлық Стэн Вавринка кездесті.
Надаль қарсыласын үш сетте оңай жеңді - 6:2, 6:3, 6:1.
Осылайша, Рафаэль Надаль өз мансабында «Ролан Гарросты» 10-шы рет жеңіп отыр.
Рафаэль Надальдің «Ролан Гаррос-2017» жарысындағы матчтары:
1-ші айналым: Бенуа Пэр – 6:1, 6:4, 6:1
2-ші айналым: Робин Хаасе – 6:1, 6:4, 6:3
3-ші айналым: Николоз Басилашвили – 6:0, 6:1, 6:0
4-ші айналым: Роберто Баутиста-Агут – 6:1, 6:2, 6:2
Ширек финал: Пабло Карреньо-Буста – 6:2, 2:0 бас тартты
Жартылай финал: Доминик Тим – 6:3, 6:4, 6:0
Финал: Стэн Вавринка - 6:2, 6:3, 6:1