Новак Джокович - Уимболдон турнирінің жеңімпазы
Сербиялық теннисші, әлемнің 12-ші ракеткасы Новак Джокович Уимблдон турнирінің (Ұлыбритания) төрт дүркін чемпионы атанды. Финалда ол Оңтүстік Африка елінің өкілі Кевин Андерсонды (8) 3:0 есебімен (6:2, 6:2, 7:6) жеңді.
2 сағат 18 минутқа созылған матч Джоковичтің айқын басымдығымен өтті. Бұл жеңіс серб теннисшісі үшін «Үлкен дуылға» турнирлеріндегі 13-ші жеңісі.
Ал, әйелдер арасындағы финалда неміс спортшысы Анжелика Кербер америкалық Серена Уильямсті жеңді.