Владимир Кличко: «Менің мақсатым – Поветкинді нокаутпен жеңу»
WBA, IBF, WBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Владимир Кличко ресейлік Александар Поветкин спорттық жолында кездескен ең қиын қарсылас екенін айтады
Украиналық және ресейлік боксшылардың кездесуі қазанның 5-і күні Мәскеуде өтеді. Бұл жекпе-жек бұдан бірнеше жыл бұрын өтуі тиіс болатын, алайда Поветкиннің жарақаты олардың алғашқы кездесуіне кедергі болды.
«Әуесқой бокста Поветкин Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы атанған. Ол спорттық ғұмырында әлі жеңілістің ащы дәмін татпаған. Александр – менің жолымда кездескен қарсыластарымның ішіндегі ең тегеуріндісі. Менің мақсатым – оны нокаутпен жеңу» - деп хабарлайды fightnews.com
Владимир Кличко кәсіпқой бокста 63 кездесу өткізіп, оның 60-ында жеңіске жетіп (52-ін нокаутпен), 3 рет жеңілген. Ал Поветкин 26 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен(18-ін нокаутпен).