Бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты Атырауда өтеді
Еліміздің ең мықты былғары қолғап шеберлері қарашаның 22-29 күндері Атырауда жиналады. Бұл шешімді Алматыда өткен жиында Қазақстан бокс федерациясы қабылдады. Бокстан ел біріншілігін өткізуге Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары өтініш жасаған еді. Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы жасөспірімдер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатын қабылдаған болатын. Сондықтан Атырау қаласына таңдау жасалды. Жиын соңында бокстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сәтжановқа, Киевте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпаздары Абылайхан Жүсіпов және Рахат Маржықпаевқа сыйлықтар тапсырылды