Магомед Абдусаламов жасанды тыныс алу аппаратына таңылды
Ресейлік боксшы Магомед Абдусаламовтың сенбі күнгі Нью-Йоркте Майк Переске қарсы кездесуі кубалық боксшының жеңісімен аяқталған болатын.
Жекпе-жектен соң дәрігерлер ресейлік боксшының сол қолы мен мұрны сынғанын, сонымен қатар, миында қан ұйып қалғанын анықтады деп хабарлайды eurosport.ru.
Осыдан кейін Магомед Абдусаламов Нью-Йорктегі «St. Luke's-Roosevelt» әскери аураханасына жеткізілді. Басының ауруы күшейіп, жағдайы нашарлай бастаған ол жасанды тыныс алу аппаратына таңылды.
«Қатты соққы алғандықтан, бас сүйегіне ота жасалды. Ол бұл жерден жақын күндері шығып қалуы тиіс», деп мәлімдеді «Sampson Boxing» промоутерлік компаниясының вице-президенті Натан Левковитц.