Ермек Иманбеков: «Дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионын шығаруды армандаймын»
Жақында Астанада алғаш рет дзюдодан командалық жарыс өтті. Бұл додаға Ресей, Украина, Латвия және Қырғыз Республикасының мықты дзюдошылары келді. Дегенмен, 1 орынды қазақстандық дзюдошылар иеленді.
Ермек Иманбеков жаттықтыратын ұлттық құрама биыл табысты өнер көрсетті. Тамыз айында Бразилияда өткен дзюдодан Әлем чемпионатында 66 келіде Азамат Мұқанов күміс жүлдені жеңіп алды. Ал Алматыдағы Гран-при кезеңінде Қазақстан қоржынына төрт алтын түсті.
Ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Иманбековтің арманы – дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионын шығару.
Біздің анықтама:
Ермек Әбуұлы Иманбеков – Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері. 1961 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданында дүниеге келген. Республиканың бүкілодақтық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы. Халықаралық турнирлерде жеңіске жетті. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындаған.