Пакьяо Риоспен болатын жекпе-жегі үшін 18 миллион доллар алады
66, 7 келіде бокстасатын филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо америкалық Брэндон Риоспен болатын жекпе-жегі үшін 18 миллион долларға тең сыйақы алады, - деп хабарлайды Gorodokboxing.com сайты.
Америкалық боксшының сыйақысы одан әлдеқайда аз, яғни 4 миллион доллар болады. Айта кетерлігі, екі қарсылас та ақылы телекөрсетілімдерден өз үлестерін алады.
Пакьяо мен Риос арасындағы жекпе-жек 24 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де Қытайдағы Venetian Macao кешенінде өтеді.