Бокс: Қазақстан чемпионаты мәреге жетті
Атыраудың «Жайық» спорт кешенінде қарашаның 22-сі күні басталған бокстан Қазақстан біріншілігі мәресіне жетіп, ел чемпиондары анықталды. Жалпыкомандалық бейресми есепте 3 алтынды қоржынға салған Ақмола облысының командасы көш бастаса, 2 алтын, 3 күміс, 3 қоласы бар Оңтүстік Қазақстан облысының боксшылары екінші орынды иемденді. Ал үздік үштікте Жамбыл облысы. Олардың еншісінде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола бар. Бұлардан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы, Атырау, Қостанай облыстары мен Алматы қаласының қоржынына да бір-бір алтыннан түсті.
Сонымен қатар, ел біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік боксшы мен үздік төреші де анықталды. 52 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, финалда астаналық Ілияс Сүлейменовті сүріндірген шығыстық Әділет Құрметов үздік боксшы атанса, Алматы облысының өкілі Ермек Сүйеніш үздік төреші номинациясында марапатталды.
Ел чемпионатының жүлдегерлері:
49 келі:
1. Теміртас Жүсіпов (Ақмола)
2. Ержан Жомарт (ОҚО)
3. Рашид Салауатов (Атырау), Әділет Қапезов (Қарағанды)
52 келі: 1. Әділет Құрметов (ШҚО)
2. Ілияс Сүлейменов (Астана)
3. Нұрғазы Жүсіпов (ОҚО), Ерлан Тамемов (Кереку)
56 келі:
1. Ержан Ордабаев (Атырау)
2. Жанболат Тілегенұлы (Алматы қ.)
3. Азамат Жансарбай (ШҚО), Дастан Әшірәлі (ОҚО)
60 келі:
1. Зәкір Сафиуллин (ОҚО)
2. Дархан Жұмсақбаев (Астана)
3. Бекман Сойлыбаев (Алматы обл.), Ғани Жайлауов (Жамбыл)
64 келі:
1. Алмасбек Әлібеков (ОҚО)
2. Асланбек Шымбергенов (Жамбыл)
3. Әсет Қасымов (ШҚО), Азамат Досмағамбетов (Атырау)
69 келі:
1. Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл)
2. Алмасбек Орынғалиев (БҚО)
3. Манат Өмірзақов (ШҚО), Айтжан Шлеев (Жамбыл)
75 келі:
1. Сапарбай Айдаров (Алматы қ.)
2. Рустам Сыбай (Қызылорда)
3. Нұрбол Алтаев (ОҚО), Айдос Ербосынұлы (Алматы обл.)
81 келі:
1. Нұрдәулет Жарманов (Ақмола)
2. Дәурен Елеусінов (Астана)
3. Әліби Нұрматов (Алматы қ.), Алмат Серімов (Қарағанды)
91 келі:
1. Антон Пинчук (Қостанай)
2. Асқар Абдуллаев (ОҚО)
3. Алексей Севостьянов (Қарағанды), Нұрлан Нұрсейітов (Атырау)
91+ келі:
1. Жан Кособуцкий (Ақмола)
2. Нұржан Бекзатов (ОҚО)
3. Олжас Боқаев (Кереку), Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда).
www.alasharena.kz