Ел чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар анықталды
Бүгін Атырауда бокстан ел біріншілігінің жартылай финалдық кездесулер өтеді.
Құрама сапында жүрген былғары қолғап шеберлерінің ешқайсысы әзірге жарыстан шығып қалған жоқ. Дегенмен жастар оларға лайықты қарсылық көрсетіп жатыр.
49 келіде бүгін жартылай финалда Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов пен жастар сапынан келген Руслан Салауатов қолғап түйістіреді. Кешегі ширек финалда біреуі Петропавл екіншісі қарағандылық боксшыны жеңді. 52 келі салмақтағы Ілияс Сүлейменов те ширек финалдан сүрінбей өтті. Бірақ көкшетаулық Мақсат Ожанмен болған кездесуде қабағын жарып алды. 60 келі салмақта Ғани Жайлауовқа да жартылай финал жолдамасы оңай келмеді. Алматылық Дилмаран Меджидов аянып қалмады. Ал 69 келі салмақтағы тәжірибелі Манат Өмірзақов шеберлігіне жанкүйерлер ризашылықпен қол соқты. Астаналық Алматбек Ағыбаевпен жұдырықтасқан ол қарсыласын оңай жеңді. Сондай-ақ 75 келі салмақтағы Рүстем Сыбаевқа да біраз тер төгуге тура келді. Ол ақтөбелік Камран Шахсуварлыны ұтты.
Ертең финалдық бәсекелер өтеді.