Головкиннің бапкері Адаманы таңдауының себептерін түсіндірді
WBA нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Осуману Адаманы қазақстандық боксшыға қарсылас етіп таңдаудың себебін түсіндірді.
Бапкердің айтуынша, бұл жекпе-жекке жоғары дәрежедегі боксшыны табу қиын болған. «Өкінішке қарай, GGG Promotions пен Том Леффлернге Геннадий үшін «үлкен жекпе-жек» ұйымдастыру өте қиын. Мұның себебі, «жоғары дәрежелі» деп аталатын боксшылар тек сөзбен келісіп, келісімшартқа қол қоймайды. Мүмкін келесі жекпе-жекке дейін олардың біреуі шаршы алаңға шығуға дайын болатын шығар. Дегенмен, біз барлығына ұсыныс жасадық» - дейді Санчес.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та тұратын ганалық кәсіпқой бокста алаңда 25 жекпе-жек өткізіп, 22-інде ұтып, 3-інде жеңілген. Айта кетерлігі, Адама Головкинке бірнеше рет қарсылас атану үшін жекпе-жекке шыққан. Алайда, барлығында жеңіліп қалған.
Vesti.kz.