Мартин Мюррей өзінің келесі қарсыласы ретінде Геннадий Головкинді көретінін жариялады
WBA тұжырымының орташа салмақтағы уақытша чемпионы деген атақтың иегері британиялық Мартин Мюррей өзінің бұрынғы спарринг-партнері болған беларустық Сергей Хомицкийге қарсы өткізетін жекпе-жегінің алдында WBA тұжырымының осы салмақ дивизионының қазіргі чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин туралы ойымен бөлісті.
«Мен Головкинге қарсы жекпе-жектің болғанын қалаймын. Ол менің рингте көргім келетін қарсыласым. Ең жақсы спорттық бабымда мен кез-келген боксшыны, соның ішінде Головкинді де жеңе аламын», - деді ол.
Британдық боксшыны Головкиннің 2014 жылы 1 ақпанда өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы болады деген жорамалды көп басылымдар жазып еді. Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы ретінде ганалық Осуману Адама таңдалды.
Айта кетейік, Мартин Мюррейдің (25-1-1, 11КО) Сергей Хомицкийге (28-9-2, 11КО) қарсы жекпе-жегі осы сенбіде, 14 желтоқсан күні Ұлыбританияда, Лондонның «Эксель Аренасында» өтеді.
фотосурет boxnews.com.ua сайтынан