Геннадий Головкиннің 30-шы жекпе-жектегі қарсыласы аталды
НВО телеарнасының спорт бөлімшесінің президенті Кен Хершман WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен рингке шығатын әлеуетті қарсыластардың есімдерін атады.
Хершманның айтуынша, Головкиннің командасы салмақ санатына қарамастан кез келген қарсыласпен жекпе-жекке шығуға дайын. «Бізде бірқатар ықтимал қарсыластар бар. Олардың арасында Серхио Мартинес, Андре Уорд, тіпті Адонис Стивенсон да болуы мүмкін», - деген ол.
Еске сала кетейік, Головкин 2014 жылғы алғашқы жекпе-жегін 1 ақпанда Монте-Карлода ганалық Осуману Адамамен өткізеді. Одан кейінгі жекпе-жек қазақстандық үшін кәсіби рингтегі 30-шы сайыс болмақ, ол 26 сәуірге белгіленген.
Хершман сәуір айында Головкин орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы австралиялық Дэниэль Гильмен кездесуі мүмкін дегенді айтты. Екінші үміткер америкалық Джеймс Киркленд болуы мүмкін, ол бастапқы орта салмақта өнер көрсетіп жүр, екі апта бұрын ғана Джеймс 20 айлық үзілістен кейін рингке оралды.