Жәнібек Әлімханұлы: Ұлттық құрамадағы боксшылардан үлгі аламын
Бокстан Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы және Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы «Қазақ спорты» хабарында қонақта болып, сұхбат берді.
Айта кетейік, Алматыда өткен бокстан Әлем чемпионатында Жәнібек Әлімханұлы 75 келі салмақта еліміздің намысын қорғап, Әлем чемпионы атанған еді.
«Бокспен 2000 жылы 1-ші сыныптан бастап, айналыса бастадым. 2008 жылы Алматыдағы Спорт интернатына оқуға қабылдандым. Бүгінде Спорт және туризм академиясының 3-курс студентімін. Жеке бапкері - Мұрат Сиқымбаев. Отбасым, Рамазан есімді ұлым бар», - дейді Жәнібек.
«Бойымдағы сенімділік - өзіме тән қасиет. Ауылда өскен соң, намысты қолдан бергім келмейді. Ұлттық құрамдағы боксшылар - Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Берік Әбдірахманов, Мерей Ақшалов сынды ағаларымнан үлгі аламын», - дейді Жәнібек Әлімханұлы.
Боксшының алға қойған мақсаты - 2014 жылдың аяғында өтетін Азия Ойындарына қатысу, 2015 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатында кезекті Олимпиадаға лицензия алу. 2016 жылы Рио де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында бақ сынау.
www.kazradio.kz