Бокс. Головкин Уордпен жекпе-жекке шығуға келісе ме?
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бас бапкері Абель Санчес қазіргі уақытта шәкіртінің 168 фунт салмағына көшуге дайын емес екенін мәлімдеді. Бұл салмақ бойынша WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағына талас жүргізуі тиіс. Дегенмен 160 фунт салмағында әлі жұдырықтаспаған боксшылар бар, деп хабарлайды Boxingnews24.com.
Санчестің айтуынша, дәл қазіргі уақытта салмақ ауыстырудың маңызы жоқ. Өйткені орта салмақта ұйымдастырылуы тиіс тартысты жекпе-жектер көп.
Жақында Андре Уорд Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол өз салмағында Карл Фроч, Миккель Кесслер, Сакио Бику, Артур Абрахам және Эдвин Родригесті жеңгеніне қарамастан, жартылай ауыр салмаққа көшуге дайын емес.
«Біз 160 фунт салмағындағы боксшылардың барлығын жеңгеннен кейін, Андре Уордпен жекпе-жек өткізгіміз келеді. Өйткені Уордтың салмағында мықты боксшылар аз», - дейд Абель Санчес.
Ал орта салмақта Головкинді тартысты жекпе-жектер күтіп тұр. Дегенмен бұл салмақтағы мықты боксшылар - Серхио Мартинес, Феликс Штурм, Даниэль Гил және Питер Куиллин қазақстандық боксшымен шаршы алаңға шыққысы келмейді.