Демьяненко Қанат Исламды болашағын айқындауға шақырды
Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко боксшы Қанат Исламды болашағын айқындауға шақырды. Кәсіпқой боксқа ауысқан қазақ боксшысы «Astana Arlans» сапына қайта оралуы да мүмкін.
«Қанат Исламның проумеутерлері жекпе-жекті жиі ұйымдастыруда. Өйткені, ол кәсіпқой боксқа кеш келді. Сол себепті атаққа қол жеткізу үшін уақытты ұтымды пайдалуды қалайды. Ол әуесқой бокста көп уақыт өткізді, дегенмен тәжірибесі мен табандылығы чемпиондық атаққа үміттенуге мүмкіндік береді. Оған сауатты промоутерлік қолдау жетіспейді. Сонымен қатар болашағын анықтау керек. Барлық бағытта үлгеру мүмкін емес. Мен оның кәсіпқой бокстағы жекпе-жегін көрген жоқпын», - дейді Виктор Демьяненко.
Яғни, ол Қанаттың кәсіпқой бокста қала беру немесе «Astana Arlans» клубына қайтып келу жөніндегі кешіктірмегені жөн болатынын меңзеді.
Еске сала кетейік, 2013 жыл соңында «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының президенті Бақтияр Артаев Қанатқа елге оралып, «Astana Arlans» сапына қосылуды ұсынған.