Абель Санчес: Мартинес Головкинге қарсы 7 раундтан артық төтеп бере алмайды
WBA/IBO тұжырымдарының орта салмақ дивизионының чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше, WBC чемпионы Серхио Мартинес қазақстандық боскшымен жекпе-жекке шыққан жағдайда, жеті раунд та шыдай алмайды.
«Біз, бүкіл командамызбен Генаны орта салмақ дивизионындағы әлемнің ең мықты боксшысы деп есептейміз. Бірақ бізге әлі шын мәніндегі азулы қарсылас кездескен жоқ. Мартинесті азулы қарсылас деп айтатындай-ақ бар. Оған оның кәсіпқой бокстағы жеңістері дәлел бола алады. Алайда, менің ойымша, екеуі рингте кездескен жағдайда, ол Генаға көп болса жеті раунд қана төтеп бере алады. Егер біз онымен кездесе алмасақ, бұны ешқашан тексере алмаймыз», деді Санчес.
Головкин соңғы өткізген 15 жекпе-жегінде қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңіп, спаррингте қарсылас шақ келтірмей келе жатыр. Санчестің айтуынша, рингтегі Генаның жойқын күшіне тек кіші Флойд Мейвезер ғана төтеп бере алады.
«Орта салмақтың бірінші дивизионында Генаға қарсы жекпе-жекте 12 раунд бойы жұдырықтаса алатын ешкім жоқ екенін мен былтыр айтқанмын. Супер орта салмақта Карл Фроч, Андре Уорд, кіші Хулио Сезар Чавес бар. Бірақ Генаның жойқын соққыларына олар да 12 раунд бойы шыдайды деп айта алмаймын. Сондықтан Мартинестің рингте 7 раундтан артық боларына күмәнім бар», деп қорытындылады Санчес.
fightnews.ru