Геннадий Головкин «Алтын глобус» киножүлдесін тапсыру рәсіміне қатысады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Беверли-Хиллзде (Калифорния) өтетін «Алтын глобус» киножүлдесін тапсыру рәсіміне қатысады. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» парақшасында хабарланды.
Жүлдені тапсыру бүгін Астана уақытымен сағат таңғы 6-да өтеді. Айта кетейік, шара жыл сайын қаңтар айында Голливудта тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистің дауыс беру қорытындысы бойынша өткізіледі.
«Алтын глобус» - танымалдылығы бойынша «Оскар» сыйлығынан кейінгі екінші орында. Ол 1944 жылдан бері кинофильм мен телевизиялық картиналарға беріліп келеді.