Азияның ең үздік боксшысы - Мерей Ақшалов
Азия бокс федерациясы 2013 жылды қорытындылап, үздіктерді анықтады.
«Жылдың ең үздік ер боксшысы» атағына Мерей Ақшалов ие болды. Ақшалов өткен жылы Азия және Әлем чемпионатында топ жарған.
«Жылдың ең үздік жас боксшысы» атағын қазақстандық Абылайхан Жүсіпов алды. 16 жастағы боксшы 57 келіде Шымкентте өткен Азия чемпионаты мен Киевте өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеткен.
Самат Бәшенов WSB сериясының Азиядағы үздік боксшы атанды. Ал Қазақстан бокс федерациясы - 2013 жылдың «Азия құрлығындағы ең үздік федерациясы» деп танылды.
«Жылдың басты жаңалығы» атағы қырғыз Азат Үсенәлиевке бұйырды, деп хабарлайды «Аламан».