Денис Лебедев пен Гильермо Джонс қарымта жекпе-жекке шығады
Екі боксшы былтыр, мамыр айында жұдырықтасып, панамалық боксшы жеңіске жеткен болатын. Бірақ, Джонстың сол кездесуде допинг пайдаланғаны әшкереленіп, қол жеткізген атағы кері қайтарылды.
Ресейлік боксшы Денис Лебедевтің командасы панамалық аса ауыр салмақтағы боксшысы Гильермо Джонспен қарымта жекпе-жек өткізу туралы келісім шарт жасасты.
Жекпе-жек сәуір айында, Ресейде өтетін болды. Бұл кездесудің жеңімпазына әзірге Лебедевке тиесілі WBA тұжырым бойынша 90,7 келі салмақ дәрежесінің чемпиондық атағы бұйырады. Қаңтар айының соңында өткізуге жоспарланып отырған баспасөз мәслихатында келісім шарт туралы егжей-тегжейлі түсіндірілетін болады, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Естеріңізде болса, Лебедев пен Джонс 2013-ші жылдың мамыр айында кездесіп, 11 раундқа созылған жекпе-жекте Джонс қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. Алайда, Джонстың допинг қабылдағаны әшкере болып, WBA чемпины атағы Лебедевке қайтарылды. Панамалық әзірге «Демалыстағы чемпион» атағының иегері.
Allboxing.ru