Головкин мен Адама салмақ өлшеді
Жекпе-жек бүгін түнде Монте-Карлода өтеді.
Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымджары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ганалық боксшы Осуману Адама салмақтарын өлшеді.
Екі боксшының салмағы тең болып шықты - 72,2 килограмма (159,2 фунт).
Айта кетейік, Головкин мен Адама арасындағы жекпе-жек ақпанның 1-нен 2-не қараған түні өтеді. Жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.