WSB. Асхат Уәлиханов кездесу тағдырын шешті
«Астана арландары» мен «Russian Boxing Team» кездесуінің үшінші жекпе-жегінде шаршы алаңға 64 келідегі боксшылар көтерілді. Бұл салмақта осы маусымнан бастап «арландардың» намысын қорғап жүрген Асхат Уәлиханов шықты. Оның қарсыласы - Максим Дадашев болды.
Тактикалық тұрғыдан ресейлік боксшыдан айласын асырған Асхат Уәлиханов «Астана арландарға» үшінші жеңісті сыйлап, кездесу тағдырын шешті.
Айта кетейік, Асхат Уәлиханов Дүниежүзілік бокс сериясындағы алғашқы кездесуін Санкт-Петербургте ресейлік боксшымен өткізіп, жеңіске жеткен. Қазір қазақстандық боксшы WSB рейтингінде бірінші орында тұр.