Қанат Ислам WBA рейтингісінде 11-орынға көтерілді

29 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Астана арландарына» қайтып келуден бас тартты. Клубтың бас директоры Болат Манкеновтің айтуынша, Қанат Исламмен келіссөздер жүргізілген, алайда, боксшы кәсіпқой бокста қалу жөнінде шешім қабылдаған. «Қанатқа біздің есік қашанда ашық. Біз олармен сөйлестік. Алайда ол, кәсіпқой бокста қаламын деп шешті», - дейді Манкенов. Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс сериясының екінші маусымында «Астана арландары» құрамының капитаны болған еді. 2012 жылдан бері ол кәсіби бокста. Осы аралықта боксшы 16 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады . Спортшы WBA Federcaribe нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын алған. Қанат Ислам соңғы кездесуінде доминикандық былғары қолғап шебері Базилио Силваны жеңіп, WBA рейтингісінде 11-орынға көтерілді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды