Бокстан Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын жеңді

Астанада өтіп жатқан бокстан төрт ел құрама командаларының бәсекесінде Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан келген спортшыларды 7:3 есебімен жеңді. Айта кетейік, қазақстандықтар алғашқы үш жекпе-жекте жеңіліп, есеп 0:3 болған еді. Қазақстан боксшылары қатарында Закир Сафиуллин (60 келі), Алмасбек Әлібеков (64 келі), Сағадат Рахманқұлов (69 келі), Рустам Сыбаев (75 келі), Даурен Елеусінов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Жан Кособуцкий (+91 келі) жеңімпаз атанды. Ал Рашит Салауатов (49 келі), Нұрғазы Жүсіпов (52 келі) мен Жанболат Тілегенұлы (56 келі) команда қоржынына ұпай сала алмады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан алғашқы күні Ұлыбритания құрамасын 8:2 есебімен ұтса, Өзбекстан Ресейлік боксшыларды 6:4 есебімен жеңген болатын. Енді қазақстандық спортшылар Ресей құрамасымен 19-шы ақпан күні Астана уақытымен сағат 17:00-де қолғап түйістіреді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды