Бақыт Сәрсекбаевтың пәтер дауына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың қатысуымен болған тұрғын үй дауына байланысты жаңа деректер пайда болды. Әділет органдарының мәліметінше, боксшы әйелімен ажырасып кеткен.
Боксшы өзінің жаттықтырушысы К.Махмудовқа қарсы сотқа арыз беріп, онда өзі сыйға тартқан пәтерді қайтарып беруді талап еткен. Бұл баспананы 2008 жылы Сәрсекбаев жаттықтырушысына алғыс ретінде сыйға тартқан.
Алайда пәтер кілті оған ауызша жасалған келісіммен, яғни, егер жаттықтырушы боксшыны Лондондағы Олимпиадаға команда құрамына енгізу керек деген шартпен берілген. Алайда боксшы ол кұраманың сапында болмай шықты.
Осы жағдай сотта Сәрсекбаевтың өз пәтерін қайтарып алу себебі ретінде көрсетілген. Сотта жеңілген Сәрсекбаев қолдау сұрап, депутат Қайырбек Сүлейменовтің қабылдауында болған.
Осыған дейін «Время» газетінде жазылғандай, боксшы туған ағасы Бауыржанның пәтерін алып қойып, оны сатып жіберген. Қазіргі уақытта, кейбір мәліметтер бойынша, боксшы «Сана» тұрғын үй кешенінде жаттықтырушысы К.Махмудовтың пәтерінде тұрып келеді екен.
Сот отырысында жаттықтырушы К.Махмудовтың мүддесін жақтаушы Р.Жұмағалиеваның сұрауымен алынған әділет органдарының құжаттарынан Бақыт Сәрсекбаевтың өткен жылы күзде әйелімен ажырасып, кішкентай үш баласымен оларды «Абай» кешеніндегі бұрынғы пәтерінде қалдырғаны анықталды.
Р.Жұмағалиева «сонымен бірге, неке және отбасы заңнамасында жүктілік кезінде некені бұзуға тыйым салынатынын» айтып, осы істің заңдылығын тексеруге шақырды. Қазір спортшының қызы және екі ұлы бар. Боксшының әйелі қазір төртінші балаға жүкті екенін Сәрсекбаевтың туыстары айтты.