Флойд Мэйвезердің келесі қарсыласы - Маркос Майдана
Бұл жағдай ағылшын боксшысы Амир Ханның Мейвезермен кездесу мүмкіндігін жоққа шығарды.
Амир Хан өткен жылдың желтоқсанында Флойд Мейвезермен кездесу мүмкіндігін беретін келісім шартқа қол қойған болатын. Твиттердегі жеке парақшасында Амир Хан WBC тұжырымының орта салмақтағы чемпионымен кездесудің болмайтынына өкініш білдірді.
«Golden Boy» проумоутерлері мен «The Money Team» өкілдері біріккен мәлімдемесінде WBC тұжырымының орта салмақтағы чемпионы – Флойд Мейвезер мен WBA тұжырымы бойынша орта салмақ чемпионы – аргентиналық Маркос Майдана арасындағы жекпе-жек 3 мамырда өткізу туралы келісім шартқа қол қойды, деп хабарланған.
«Майдана қауіпті қарсылас, ол әр қарсыласын нокаутпен жеңуге тырысады. Мен үшін бұл керемет жекпе-жек болады. Оған дейін 45 адам жасай алмаған нәрсені ол жасай ала ма екенін 3-ші мамырда көретін боламыз», - деді Флойд Мейвезер.
Майдана өз кезегінде, «Флойд Мейвезермен жекпе-жекте мен орта салмақ дивизионындағы әлемдегі ең мықты боксшы екенімді дәлелдеймін», деді.
Естеріңізге сала кетейік, Флойд Мейвезер мен Маркос Майдана арасындағы жекпе-жек 3 мамырда Лас-Вегас қаласында өтеді.
skysports.com