Мюррей Головкин мен Флетчермен жекпе-жекке шықпағаны үшін WBA атағынан айырылды
31 жастағы британиялық боксшы Мартин Мюррей қазақстандық Генадий Головкин мен австралиялық Джаррод Флетчермен жекпе-жекке шықпағаны үшін орта салмақтағы уақытша атағынан айырылып қалды.
«WBA басшылығы мұндай шешімді Мюррей өз атағын қорғай алмағанынан кейін қабылдады. Ол соңғы рет ресейлік Сергей Хомицкиймен кездесіп, оны 8 раундта жеңген. Осыдан кейін америкалық боксшы Джеррод Флетчермен келісімшартқа отырғанымен, 1 ақпан күні болатын жекпе-жекке шықпай қойды» - дейді Владимир Хрюнов «Р-Спорт» агенттігіне.