Головкиннің Чавеспен қашан жекпе-жекке шығатыны белгілі болды
WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сесар Чавестің жекпе-жегі 12 шілде күні болуы мүмкін» деп хабарлайды Yahoo Sports.
Чавес Головкинмен кездесу үшін 1 наурызда болатын жекпе-жегінде жеңіске жетуі тиіс. Мексикалық боксшы өзінің қарсыласы америкалық Брайн Верадан өткен жылы басым түскен. Бұл кездесуді қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес пен промоутері Том Леффлер тамашалайды.
Осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 49 жекпе-жек өткізген Чавес тек аргентиналық Серхио Мартинеске есе жіберген.
Ал, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 26 сәуірде Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді деп белгіленгенімен, қарсыласы әлі анықталған жоқ.