Германияда жұдырақтасатын «арландар» іріктелді
Дүниежүзілік бокс сериясы бәсекесі аясындағы «Астана арландары» мен «German Eagles» командаларының алғашқы ширек финалда жұдырықтасатын боксшылар анықталды.
49 келіде шаршы алаңға Мардан Берікбаев көтеріледі. Оның қарсыласы – румын боксшысы Овидиу Берцяну. 56 келіде Мейірболат Тойытов ирландиялық Майкл Конланмен қолғап түйістіреді. Жекпе-жекті 64 келіде Асхат Уәлиханов пен Артем Харутюнян жалғастырады. 75 келіде Сергей Деревянченкоға Денис Роберт Радован қарсы тұрады. Ал кездесуді 91 келіде Василий Левит пен Артур Манн аяқтайды.