Хрвое Сеп қарсыласынан басым түсті
«Астана арландары» мен «Team Germany» арасындағы төртінші жекпе-жекте 81 келідегі боксшылар шаршы алаңға көтерілді. Бұл салмақта қазақстандық команданың бас бапкері Сергей Корчинский өзгеріс енгізді. Ол бұдан бұрын тізімде болған Данабек Сужановтың орнына хорватиялық легионер Хрвое Септі шығарды.
Ал хорватиялық боксшының қарсыласы - Серж Мишел. Өз салмағында әлемдік рейтингте екінші тұрған неміс боксшысы бұл маусымда жеңілмеген.
Айта кетейік, бұл боксшылар өткен маусымдағы топтық кездесуде жұдырықтасып, сол кездесуде Хрвое Сеп Серж Мишелден ұпай санымен басым түскен еді.
Бүгінгі жекпе-жекте те хорватиялық боксшының жеңісімен аяқталды. Кездесудің соңында Хрвое Сеп қазақ тілінде «Алға, Қазақстан! Алға, «Астана арландары!» деп өз жеңісіне сенімді екенін білдірді.