Қазақстандық бес боксшы ширек финалға шықты
Софияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бес боксшысы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кеше Болгарияның бас қаласындағы Әлем чемионатында 1/8 финалының жекпе-жектері өткен болатын. Шаршы алаңға сегіз боксшымыз шығып, бесеуі жеңіске жетті.
1/8 финалында жеңіл салмақтағы боксшыларымыз сенім үдесінен шыға білді. Өкінішке қарай, ауыр салмақтардағы алыптарымыз үмітті ақтай алмады. Тіпті техникалық нокаутпен ұтылып қалғандары да бар. Біздің бір боксшымыз, атап айтқанда, Вадим Казаков өз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Жастар арасындағы Әлем чемпионаты.
Қазақстан боксшылары жекпе-жектерінің нәтижелері:
1/8 финал.
49 келі: Шалқар Айқынбай – Джонатан Лопес (Пуэрто-Рико) - 3:0
56 келі: Сұлтан Зауырбек – Айтал Дьяконов (Ресей) – 3:0
60 келі: Абылайхан Жүсіпов – Дорин Букша (Молдова) – 2:1
69 келі: Рахат Маржықпаев – Пртенжак Лука (Хорватия) – 1:2
75 келі: Бекжан Бәкіров – Шамиль Алиев (Әзербайжан) – 2:1
81 келі: Вадим Казаков – Ибрагим Гулиев (Әзірбайжан) – ТКО R3
91 келі: Темірлан Қабиев – Тони Фелипи – 1:2
+91 келі: Елдос Қадырбаев – Дарамни Рок (АҚШ) – ТКО R2