Қазақстандық бес боксшы жартылай финалға өтті
Бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатын қабылдаған София қаласынан ақжолтай жаңалық жетті. Абылайхан Жүсіпов (суретте), Вадим Казаков, Сұлтан Зәуірбек, Шалқар Айқынбай және Алуа Балқыбековалар Болгариядағы әлемдік сынның жартылай финалына жолдама алды. Бұл Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар дегенді білдіреді, деп хабарлайды confederation.kz.
София, бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионаты. 1/4 финал.
51 келі. Алуа Балқыбекова - Ван Нгуен (Вьетнам) – 3:0
75 келі. Валентина Хальзова - Ньен-Чин Чен (Қытай) – 1:2
49 келі. Шалқар Айқынбай - Субару Мурата (Жапония) – 2:1
56 келі. Сұлтан Зәуірбек - Мичал Такаш (Словакия) – 3:0
75 келі. Бекжан Бәкіров - Лука Плантич (Хорватия) – 0:3.
60 келі. Абылайхан Жүсіпов - Ричард Коннью (Венгрия) – 3:0
81 келі. Вадим Казаков - Уфук Текнечи (Түркия) – 3:0
Жартылай финалда жеңіліске ұшыраған боксшылар автоматты түрде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанады.