Қазақстандық төрт боксшы финалға өтті
Болгарияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері толықтай аяқталды. Қазақстандық төрт боксшы финалға шықты. Ақтық жекпе-жектер бүгін өтеді.
Жартылай финал жекпе-жектерінің нәтижесі:
49 келі. Шалқар Айқынбай – Шуан Какара (Үндістан) – 2:1.
56 келі. Сұлтан Зауырбек – Петер Макграин (Ұлыбритания) – 2:1.
60 келі. Абылайхан Жүсіпов – Икболжон Холдаров (Өзбекстан) – 3:0.
81 кел. Вадим Казаков – Вегар Трегрен (Норвегия) – 2:0.
Айта кетейік, бұған дейін қыздар бәсекесінде Алуа Балқыбекова (57 келі) жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.