Нурипаша Талибов: Левит пен Абдуллаев жекпе-жегі тартысты болмақ
Ертең Дүниежүзілік бокс сериясының жартылай финалында «Астана арландары» мен «Баку оттары» кездеседі. Бүгін боксшылар салмақ өлшеп, бас бапкерлер баспасөз мәслихатын өткізді.
«Баку оттары» командасының бас бапкері Нурипаша Талибов ертеңгі жекпе-жекке қатысты болжамын айтты.
«Шешуші кездесу – 91 келі салмақтағы жекпе-жек болмақ. Біздің боксшы Абдулкадыр Абдуллаев жарты жылдай шаршы алаңға шықпады. Дегенмен оның қазіргі қарқыны жақсы. Еуропа чемпионын жеңіп, Әлем чемпионын нокаутқа жіберді. Екі кездесудің тактикалық жүрісіне тоқталсақ, Астанада барлық кездесуде болмағанымен жеңіске жетуді қалаймыз. Бір-екі кездесуді пайдамызға шешкен жөн», - деді Нурипаша Талибов.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, www.kazsporttv.kz сайты арқылы онлайн-трансляция жүргізіледі. Басталуы – 19.50.