Жанат Жақиянов IBF рейтингі бойынша үздік ондыққа енді
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов француз Карим Гуэрфиді жеңгеннен кейін Халықаралық бокс федерациясының ТОП-15 рейтингіне енді, деп хабарлайды Vringe.com.
Жеңіл салмақта (53,5 келі) жұдырықтасатын Жанат Жақиянов IBF рейтингінде сегізінші орынға тұрақтады. Бұл тұжырымда осы салмақ бойынша чемпион – британдық боксшы Стюарт Холл.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін сәуірде өткізді. Ол бесінші раундта француз Карим Гуэфриді нокаутқа түсірді.