Алматыда әскери қызметкерлер шаршы алаңға шығады
Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде 27 мамыр мен 4 маусым аралығында Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне әскери қызметкерлер арасында бокстан 55-ші Әлем чемпионаты өтеді.
Әлем чемпионатына Қазақстан, Колумбия, Франция, Шри-Ланка, Бразилия, Оңтүстік Корея, Алжир, Марокко, Германия, Моңғолия, Италия, Қытай, Ресей, Голландия, БАЭ, Тунис, Грузия, Ирак және Нигерия елдерінің құрамалары қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылдың 24 қыркүйегінде 90 жасында дүниеден озды.