Әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде төрт қазақстандық боксшы финалға шықты
Алматыда әскери қызметшілер арасында өтіп жатқан 55-ші әлем біріншілігінің кезекті күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша 4 қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды.
Олар - Олжас Байниязов (49 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Қайрат Ерәлиев (56 келі) және Бекман Сойлыбаев (60 келі). Ал 64 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Елдос Сарқұлов жартылай финалда тунистік Аала Шилиден жеңіліп, біріншіліктің қола медалін місе тұтты.
Ал кешкі сессияда тағы үш қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алу жолында бақ сынасады. Олар - 75 келі салмақтағы Бабыржан Момынов, 91 келі салмақтағы Асқар Абдоллаев және осы салмақ дәрежесінде өнер көрсететін тағы бір боксшы Қамшыбек Қоңқабаев.
Бүгін күндізгі сессияда барлығы шаршы алаңға 10 жұп шыққан болатын. Кешкі сессияға да 10 жұп шығады.
Фото: today.kz