Головкин мен Гил Нью-Йоркте кездесті (ФОТО)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен австралиялық Дэниэл Гил Нью-Йоркте кездесті.
Екі боксшының жекпе-жегі 27 шілдеде Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтуі жоспарланған. Бокс кешін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.
Головкин мен Гил бұған дейін әуесқой бокста кездескен еді. 2001 жылы Жапонияда өткен Шығыс-Азия ойындарында қазақстандық боксшы 15:3 есебімен айқын ұтқан.
Cуреттер GGG Вконтакте парақшасынан алынды.