Головкин әлі ешкімді бар күшімен ұрған емес - Абель Санчес

WBA нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алдағы 26 шілденің жұлдызында АҚШ-та осы салмақ категориясы бойынша әлемнің экс-чемпионы 33 жастағы австралиялық боксшы Дэниэл Гилмен болатын сайыста өз атағын қорғайды. Осы алдағы кездесу жайында Геннадийдің бапкері Абель Санчес өз ойларын ортаға салған еді  – деп хабарлайды Kazinform  халықаралық ақпарат агенттігі.
«Мен бапкер ретінде, Дэниэл Гил туралы уайымдамаймын, мен Головкинді уайымдаймын, - деді Санчес ESNEWS порталына берген сұхбатында.  Егер де мен Головкинді рингке нағыз бабында шығара алсам, онда Гил бола ма, басқа бола ма бізге қарсы тұра алмайды. Гилдің артықшылықтары көп, кемшілігі аз. Геннадий Головкин бар күшін салса, онда Гилдің рингте не істеп, не қоятыны біз үшін маңызды болмай қалады. Бәлкім маған сенбессіздер, бірақ Головкин осы күнге дейін әлі ешбір жекпе-жекте бірде-бір соққысына жүз пайыз күшін салған емес.
Рингте, спаррингтерде көргендеріме қарап айтар болсам, ол әлі ешкімді бар күшімен ұрған емес. Мұның қажеті де жоқ, өйткені оған тең келер қарсылас әлі шыққан жоқ. Кім біледі, мүмкін Гил дәл сондай қарсылас болар. Мен бұдан 4 жыл бұрын Головкинмен алғаш рет «лапаға» тұрғанымда, оның соққылары бақайыма дейін шымырлатты. Ол мені қатты ұрған да жоқ, бірақ мен: «Мәссаған, міне соққы! Құдыретті күш деген осы шығар, сірә» - деп ойладым. Бұл оның табиғи күш-қуаты,  сонымен қатар, техника, тайминг, балансы.
Әрине, көп еңбектің, белгілі бір әдістердің, жаттығулардың арқасында соққының қуатын арттыруға болады, бірақ Құдай берген күшке жетпейді. Және ол өзінің бұл дарынын дұрыс жолда пайдаланып келеді», - деді өз сөзінде Геннадийдің бапкері.
Абель Санчес Дэниэл Гилдің табандылық көрсететіндігіне, ал Головкиннің бұрынғы жекпе-жектерге қарағанда бұл жолы өзінің сан қырлы шеберліктерін көрсете алатындығына үміт артуда.
«Гил - лайықты қарсылас. Мүмкін ол Геннадийді соңғы раундтарға жетелейтін шығар. Кім біледі, мүмкін Геннадийге бұл жолы көп бокстасуға, көп қорғануға тура келетін шығар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды