Головкиннің ықтималды қарсыласы жазда екі жекпе-жек өткізеді
Орта салмақтағы ресейлік кәсіпқой боксшы Дмитрий Чудинов 28 маусымда Доминикан Республикасының өкілі 41 жастағы Эмилиано Кайетаномен жұдырықтасады.
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) маусым айында ресейлік боксшыны Әлем чемпионы деп таныды. Чудинов әлемнің уақытша чемпионы атағымен 1 маусымда даниялық боксшы Патрик Нильсенмен жұдырықтасып, жеңіске жетті.
27 жастағы Дмитрий Чудинов кәсіпқой шаршы алаңда 15 жекпе-жек өткізіп, 13-де жеңіске жетті. Ресейілік бокшы екі жекпе-жекті тең аяқтаған.
Сонымен қатар, Чудинов тамыз айында тағы бір жекпе-жек өткізбек. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дмитрий Чудинов шаршы алаңда WBA және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға ниетті екенін мәлімдеді. Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 26 шілдеде Нью-Йоркте австралиялық Дэниэл Гилмен өткізеді.
.