Боксшы қыздар оқу-жаттығу жиынын аяқтады
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Крит (Грекия) аралындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады.
Ресей, Тәжікстан, Молдова мен Грекия командаларымен болған бір апталық бірлескен жаттығудан кейін Вадим Присяжнюктің шәкірттері аталған құрамалармен спарринг өткізді.
Оқу-жаттығу жиынына Назым Қызайбай (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Сания Сұлтанқызы (57 келі), Гүлжайна Уббиниязова (60 келі), Зарина Цолоева (64 келі) Марина Вольнова (75 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келі) қатысты.