Гжегож Прокса: Головкиннен жеңілгеннің ұяты жоқ

Еуропаның EBU сериясы бойынша экс-чемпионы, польшалық боксшы Гжегож Прокса ағылшындық «iFL TV» телеарнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин туралы жылы пікірлерін айтып өтті. «Головкин қазіргі таңда орта салмақ бойынша әлемнің жарқын жұлдызы. Мен онымен 2 жыл бұрын жұдырықтастым. Осы уақытқа дейін орта салмақ дәрежесіндегі жойқын соққы жасайтын боксшыны көрген емеспін. Ендеше Геннадийден жеңілгеннің еш ұяты жоқ деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, Геннадий қазір орта салмақ дәрежесі бойынша әлемнің үздік боксшысы», - дейді Прокса. Головкин мен Прокса арасындағы жекпе-жек 2012 жылдың қыркүйек айында өтіп, қазақстандық боксшы кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді Естеріңізге сала кетейік, 26-шы шілде күні (Астана уақытымен 27-ші шілде) Геннадий Головкин орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы австралиялық Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды