Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласына келді
Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласына келді, деп хабарлайды BoxingScene.com.
Геннадий Головкин бірінші Таймс-Скверге барды. Ол жерде 27-ші шілде күні болатын жекпе-жектің үлкен жарнамалық билборды тұр.
Головкинді Таймс-Сквердеде бір топ жанкүйері қарсы алып, одан қолтаңба сұрап, суретке түсті. Олармен сұхбаттасқан спортшы кейін алдағы жекпе-жекке дайындалу үшін өзінің штаб-пәтеріне кетті.
Айта кетейік, Головкин қатарынан 16 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Қазіргі чемпиондардың арасында қазақстандық боксшы ең үздік «нокаутшы» саналады. Ал, Дэниэл Гил кәсіпқой бокста 30 рет жеңіске жетіп (16 нокаут), екі рет жеңілген.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көресетеді.