Бокстан жастар құрамасы Нанкин Олипиадасына дайын
Бокстан жастар құрамасы осы күндері Алматы облысы, Талғар қаласындағы Дүниежүзілік бокс академаясында соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Боксшыларымыз 16-28 тамыз аралығында Қытайдын Нанкин қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысады.
Ұлттық құрама тізімінде Әлем чемпиондары 49 келіде Шалқар Айқынбай мен 60 келіде Абылайхан Жүсіпов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 81 келідегі Вадим Казаков және Әлем чемпионатының қола жүлдегері Алуа Балқыбекова (51 келі) бар.
«Боксшыларымыз биыл үшінші ірі турнирге қатысқалы жатыр. Бұл жастарға ауырлық қылуда. Соған қарамай жемісті жиындар өткізудеміз. Әрбір боксшымыз жасөспірімдер Олимпиадасының маңыздылығын сезініп, тыңғылықты дайындалып жатыр. Басты мақсат – алтын медаль алу», - дейді жастар құрамасының аға бапкері Ғалымбек Кенжебеков.